Accessibility links

Рамазан Есіргепов – куәгерден айыпталушыға айналды


«Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов куәгерден айыпталушыға айналды. Ол туралы дүйсенбі күні Алматыда өткізген баспасөз-маслихатында бас редактордың зайыбы Раушан Есіргепова хабарлады.
Өткен аптаның соңында мәлім болғандай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті журналистке таққан айыбын қатаңдатты.
Адам құқын қорғаушы “Журналистер қауіп-қатерде” қорының президенті Розлана Таукина қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің тергеу абақтысына жабылған Рамазан Есіргеповтің өміріне қатер төніп тұр, ал оның абақтыдағы жағдайын азаптау деп бағалауға болады деп есептейді.
Рауша Есіргепова мен Р.Таукина абақтыда отырған Р.Есіргеповтің күш-қуаты қалғанша аштықты жалғастырып, жауап беруден бас тартатынын растады.
XS
SM
MD
LG