Accessibility links

«АрселорМиттал Теміртау» кейбір кәсіпорындарды құрылымнан шығармақ


Бұл туралы хабарлаған ҚазТАГ-тың мәліметінше, 2009 жылдың алғашқы тоқсанынан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның болат өндіру департаментінің қызметкерлер саны бұрынғы 20 мыңнан 18 224 болмақ.
Жұмыс орындарын қысқарту туралы әңгіме жоқ делінген ақпаратта қызметкерлер саны өз еркімен зейнет демалысына кетушілердің есебінен қысқарып отырғаны айтылады. Сондай-ақ акционерлік қоғам қонақүй кешені, трамвай цехы сияқты кәсіпорындарды өз құрамынан шығармақ. Ақпан айынан бастап кейбір қызмет бөлімдері 4 күндік жұмыс аптасына көшпек.

XS
SM
MD
LG