Accessibility links

Ресей мен Украина сенбіде келіссөз өткізуі мүмкін


Ресей мен Украина газ дауына байланысты сенбі күні үкіметтік деңгейдегі жиын өткізуі мүмкін. Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың кеңсесінің хабарлауынша, сәрсенбі күні телефон арқылы Тимошенко мен Ресей премьер-министрі Владимир Путин жоғары дәрежелі келіссөз өткізуге келіскен. Бұл кездесуге Тимошенко мен Путин қатыса ма жоқ па белгісіз. Бұдан бұрын Украина президенті Виктор Ющенко газ импорттаушы еуропалық елдермен сенбі күні Мәскеуде саммит ұйымдастыру жөніндегі Ресей ұсынысын қабылдамаған болатын. Ресей мен Украина арасындағы газ дауынан кейін Еуропаға газ тасымалы тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG