Еуропа Одағы газ мәселесіне байланысты Ресей мен Украинаның Мәскеудегі жоғары деңгейлі келіссөздеріне қосылуға әзір екенін мәлімдеді. Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің баспасөз хатшысының хабарлауынша, сенбі күні Мәскеуде Путин Украина премьер-министрі Юлия Тимошенкомен кездесіп, Украина арқылы өтетін Еуропаға газ тасымалын қайта қалпына келтіру жолдарын талқылайды. Тимошенко кеңсесінің хабарлауынша, екі жақ үкіметтік деңгейдегі жиын өткізуге келіскен.