Бұл туралы мәлімдеген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматының Алмалы ауданындағы Масанчи мен Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы жарылған диаметрі 500 миллиметрлік ыстық су құбырының жүйесі «Алматы жылу жүйесі» АҚ-ның көмегімен қалпына келтірілді.
Аталған құбыр жүйесіндегі ақаудың салдарынан қаладағы Наурыз бай батыр, шәріпов, Гоголь, Қазыбек би көшелеріндегі 2 балабақша, 3 аурухана, 43 көппәтерлі үй, 4 жеке тұрғын үй, 22 әкімшілік ғимарат ыстық сусыз қалған болатын.