Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция лидері қамауға алынды


Қырғызстан полициясы белгілі оппозиция жетекшісі Омурбек Текебаевты тұтқындады. Атамекен партиясының басшысы Текебаев пен оның қолдаушыларына заңсыз шеру өткізбекші болды деген айыптар тағылып отыр. Аталған партия Талас облысында жиын ұйымдастыруды жоспарлаған еді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Текебаевтың қамауға алынғанын растады. Бұрынғы парламент спикері Текебаев президент Құрманбек Бәкиевтің өткір сыншысына айналған болатын.
XS
SM
MD
LG