Accessibility links

Әкімшілік пен «Самұрық-Қазына» меморандумға қол қойды


Бүгін Алматы қалалық әкімшілігінде қала әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметі.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ынтымақтастық аясында мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы үлескерлер үшін салынып жатқан құрылыстарға 360 млрд теңге бөлінбек. Сонымен бірге орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға 50 млрд теңге бөлінеді.

XS
SM
MD
LG