Accessibility links

Ресей мен Куба ресмилері Мәскеуде кездесті


Ресей мен Куба ресмилері бейсенбі күні Мәскеуде кездесіп, екі ел арасындағы байланыстарды нығайту мәселесін талқылады. Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Сечиннің мәлімдеуінше, Куба мен Ресей қарым-қатынастары “жаңа деңгейге көтерілуі” тиіс. Бұл жөнінде ол екі елдің үкіметаралық панелінің отырысында айтты. Оған мұнай және газбен, сондай-ақ, ядролық энергия және металмен айналысатын ресмилер мен кәсіпкерлер қатысты.

Ресей Қырғиқабақ соғысы кезінде одақтас елдері болған Куба, Никарагуа және Венесуэла мемлекеттерімен байланыстарын қайта дамытып жатыр. Куба жетекшісі Рауль Кастро осы айдың аяғында Мәскеуге барады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG