«Антикоррупционный вестник» атты басылымның жаңа жылдағы жаңа нөмірі жарық көрді. Басылымның бас директоры қазіргі кезде Ақмоладағы жалпы режимдегі колониялардың бірінде мерзімін өтеп отырған Тоқберген Әбиев, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Кезінде «Закон и правосудие» газетінің редакторы қызметін атқарып, сот жүйесі мен шенеуніктердің іс-әрекеттері туралы материалдар жазған Тоқберген Әбиев өткен жылдың мамыр айында парамен ұсталып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
ҚазТАГ тілшісіне сұхбат берген ол: «Иә, мені парамен қолға түсірді, бірақ мен өзімді кінәлі санамаймын. Сондықтан да түрмеде отырғаныммен, еркіндіктегідей жемқорлықтың барлық түрімен күресуді тоқтатпаймын», — деді.