Accessibility links

Ахмадинежад: АҚШ әкімшілігі өз саясатында өзгерістер жасауы тиіс


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад АҚШ әкімшілігі тактикасында емес, саясатында түбегейлі өзгерістер жасауы тиіс деді. Ол сондай-ақ, АҚШ Иран халқына жасаған “қылмыстары” үшін кешірім сұрауы тиіс деді. Ахмадинежад санамалап өткен АҚШ “қылмыстары” ішінде Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына ол кедергі жасағысы келді деген бап та бар екен.

АҚШ президенті Барак Обама бұдан бұрын Иранмен сөйлесуге әзір екендігін айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG