Accessibility links

Автопарк ғимаратына басып кіргендер көшуден бас тартуда


Алматыдағы Фурманов көшесі 28 үйде орналасқан №1 автобус паркінің өндірістік ғимаратына басып кірген 95 тұрғын өмірлеріне қауіп төніп тұрса да көшуден бас тартуда, — деп мәлім етті «Finex Corporation Ltd» ЖШС-нің заңгері Наиля Рахимова.
Н.Рахимованың айтуынша, аталған ғимарат адам тұруға арналмаған. Ғимараттың иесі «№1 автобус паркі» ААҚ 2000 жылы өз жұмысшыларының отбасылық жағдайларын ескере отырып және ғимаратты сақтап қалу мақсатында 8 жұмысшыға әкімшілік ғимаратына уақытша тұра тұруға рұқсат еткен.
Ал қазір ол жерде көшкісі келмейтін 95 тұрғын тұрып жатыр және олардың ішінде бір отбасы ғана әкімшіліктің рұқсатымен кіргізілген, ал автопарктің кейбір жұмысшылары мен оған қатысы жоқ адамдар өз бетінше ешқандай келімсіз ғимаратқа орналасып алған. Сондай-ақ тазалығы сын көтермейтін бұл ғимарат апатты жағдайда, яғни басып алушылардың өмірлеріне қауіп төніп тұр, олар талапқа сай келмейтін жағдайда газ баллондарын пайдалануда, — дейді Н.Рахимова.

XS
SM
MD
LG