Accessibility links

Н.Назарбаев бүкіләлемдік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді


Давоста өткен бүкіләлемдік экономикалық форум аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

ҚР мемлекет басшысы Йорк герцогы Эндрюмен әңгіме барысында Ұлыбритания корольдік отбасы мүшесінің Біріккен Корольдік пен Қазақстан Республикасы арасында достық қарым-қатынастарды орнатудағы үлкен рөлін атап өтті.

Израиль мемлекетінің президенті Шимон Переспен кездесуде Қазақстан басшысы елдің екіжақты экономикалық ынтымақтастықты және әлемдік саясаттың маңызды проблемаларын шешу жөніндегі өзара ықпалдастықты жандандыруға мүдделі екендігін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоғанмен бейресми кездесу өткізіп, әңгіме барысында екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселесі айрықша аталды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мировты қабылдап, кездесуде Еуропалық банктің Қазақстанда жүзеге асыратын инвестициялық жобаларының перспективасын талқылады.

XS
SM
MD
LG