Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен-Зырян және Өскемен-Самарск бағытындағы тау жолдарында қалың қар түсуіне байланысты 29 қаңтардан бастап 2 ақпанға дейін түнгі уақыттарда қозғалыс тоқтатылды. Ал Өскемен-Таулы Үлбі-Зырян жолы толығымен жабылды.
Қалың жауған қардың соңынан қар көшкіні болуы мүмкін. Сол себепті Төтенше жағдайлар қызметі туристерге де тауға шығуға тиым салды.