Accessibility links

Украина президенті мен премьері бір-бірін айыптады


Телеарнадан сөйлеген сөзінде Украина президенті Виктор Ющенко премьер-министр Юлия Тимошенконың Мәскеуге сапары кезінде қол қойылған Ресей газын сатып алу және газ транзиті туралы келісім Украинаға тиімді емес деп мәлімдеді. Бірақ, оның айтуынша, Киев өзінің міндеттемесін бәрібір орындайды.
Сондай-ақ В.Ющенко экономикалық ахуалдың нашарлауына Ю.Тимошенконың жауап беретінін атап көрсетіп, әлеуметтік дағдарысқа жол бермеу үшін 2009 жылға арналған бюджетті өзгертуге шақырды.
Украина үкіметінің интернет-сайтына шыққан түсініктемесінде Ю.Тимошенко президенттің жолдауын “өтірік пен асып-сасудың және әбіржудің жиынтығы” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG