Жексенбі күні Мәскеудің орталығында шетелдік автокөліктерді алып келуге салынатын салықты ұлғайтуға қарсы бірнеше ондаған адам наразылық митингісін өткізді. Оны Ресейдің автокөлік иелерінің федерациясы ұйымдастырды.
Дәл осы күні шетелдік автокөліктерге жаңа салық салуға қарсы жаппай наразылық шеруі Екатеринбург қаласында да болды. Көлік иелері қаланың орталығынан сап түзеп өтті.
Үкіметтің қаулысы бойынша, қаңтардың ортасында елге ескі автокөліктерді алып келуге салынатын салық күрт көтерілді. Мәскеу мұндай шара - дағдарыс кезінде елдің автоөнеркәсібіне демеу болады деп есептейді.