Accessibility links

ҚР мемлекеттік хатшысы жұмыс сапарымен АҚШ-қа жүріп кетті


ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев АҚШ-тағы 2-6 ақпан аралығында өтетін жұмыс сапары барысында конгресс мүшелері және Қазақстан мен Орта Азия бойынша ғылыми сарапшылармен кездеседі.
Сондай-ақ Қанат Саудабаев АҚШ-қа әлем саясаткерлері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту мақсатында шақырылған шетелдік қонақтармен бірге жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін таңғы асқа және Карнеги қорында болмақшы дөңгелек үстелге де қатысады.
XS
SM
MD
LG