Accessibility links

Уланудан екі адам қайтыс болып, үш бала ауруханаға түсті


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанадағы Сарыарқа ауданының Автоматика ауылындағы бес қабатты тұрғын үйдегі көмір жағатын пештің ақауының салдарынан үш бала көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға түскен.
Сонымен бірге Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Аман-Қарағай ауылындағы екі пәтерлік тұрғын үйде екі қарт кісі көмірқышқыл газынан уланып, сол жерде көз жұмған.

XS
SM
MD
LG