Гаага соты Украина мен Румыния арасындағы шағын арал дауын қарады. Шешім Румыния пайдасына шығарылды. Қос елдің Қара теңіз арқылы өтетін шекарасындағы Snake деп аталатын өте шағын аралшық-шекараны белгілеу кезінде, жартас ретінде қаралып, назарға алмауға болатын жер дейді сот шешімі. Ол жерден құрлықтық шекара өтеді. Румын елінің есептеуінше, аталған жерде 100 миллиард текше метр табиғи газ бен 10 миллион тоннадай шикі мұнай қоры болуы мүмкін.