Accessibility links

АҚШ Пхеньянды арандату жасамауға шақырды


АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әскер басшысы, генерал Валтер Шарп бүгін Солтүстік Кореяны теке-тірес туындатпауға шақырды. Генерал кез-келген кездейсоқтыққа Сеул мен Вашингтон әзір деді. Ол аталған хабарды АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери бұлақтарына сүйеніп айтты.

Ресми Пхеньян Оңтүстік Кореямен арадағы қақтығыстарды болдырмау туралы келісімшартты шетке ысырып тастағанын және алда қарулы қақтығыстардың болуы мүмкін екендігін жұма күні мәлімдеген болатын.

Ол сондай-ақ алысқа ұшырылатын зымырандарын сынақтан өткізуге әзірленуде екендігін де хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG