Accessibility links

Р.Есіркепов таратқан ақпараттың құпиялылығы күмән туғызуда


Бүгін Алматы қалалық ауданарлық мамандандырылған экономикалық соты журналист Рамазан Есіркеповті қорғауға байланысты сараптау жүргізу туралы өтінішті қарамақ.

«Журналистер қауіп-қатерде» баспасөзді қорғау қоры мен «Алма-Ата инфо» газеті таратқан баспасөз хабарламасында аталған басылымдағы Рамазан Есіркепов жариялаған ақпараттың мемлекеттік құпияға қатысы бар екеніне күмән келтіріледі.

Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген «Журналистер қауіп-қатерде» баспасөзді қорғау қорының президенті Розлана Таукина былай деді:

«Мен бұл құжаттарды қызметтік қолданыстағы қағаздар деп есептеймін, бұл құпия болса, сол ҰҚК-нің өзі үшін құпия шығар, бірақ ешқандай да мемлекеттік құпия емес. Егер бұл құжаттар қандай да бір жолмен журналистің қолына түссе, қоғамдық маңызы бар болғандықтан оны жариялауға журналистің құқы бар. Бұл жерде ҰҚК өз жұмысымен айналыспай, қызмет бабын асыра пайдаланып отыр».

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG