Бүгін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун күтпеген сапармен Ираққа барды. Ол осы елдегі аймақтық сайлаулардың қорытындысы жарияланғанына бір күн өткен соң премьер министр Нури әл-Мәликимен кездесейін деп отыр. БҰҰ өкілі Саид Арикаттың айтуынша, Пан Ги Мун ирақтықтарды қақтығыссыз, ашық өткен сайлауларымен құттықтайды. Және бас хатшы БҰҰ-ның міндеттемелерін елге тағы бір қайталап айтпақшы.