Accessibility links

Еуро Одақ өкілдері Мәскеуге барды


Бүгін Еуропалық комиссия жетекшісі Жозе Мануэл Баррозу Ресеймен энергетикалық, сауда және саяси мәселерді талқылау үшін Мәскеуге барды. Еуропа Одағының тағы 9 өкілі Баррозумен бірге жүр. Еуро комиссия жетекшісі Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесіп, үкімет мүшелері және премьер министр Владимир Путинмен келіссөз жүргізбекші.
Еуропа Одағы өткен жылдың тамыз айындағы Ресейдің Грузиямен соғысынан кейін Мәскеумен стратегиялық әріптестік келіссөздерін тоқтатқан болатын. Сонымен қатар қаңтар айындағы Ресей мен Украинаның газ бағасына байланысты дауы ЕуроОдақ пен Ресей байланыстарына тағы бір соққы болып, Ресей газы Еуропаға уақытша тоқтатылған болатын.
XS
SM
MD
LG