Accessibility links

Сенат ынталандыру жобасы бойынша ымыраға келді


АҚШ Сенатындағы Республикандықтар мен Демократтар құны 780 млд доллар болатын ынталандыру жоспары бойынша бір мәмілеге келді. Дауыс берулер жексенбі күні кешкісін өтеді. Бұл келісім АҚШ президенті Барак Обама Сенатты шұғыл әрекет етуге шақырған соң болып отыр. АҚШ экономикасын ынталандыруға бағытталған бұл жоба мемлекеттік шығындар мен салықты азайтуды қарастырады. Барак Обама ел экономикасы 600 мың жұмыс орнын жоғалтып, жұмыссыздық көрсеткіші 7,6 пайызға өсті деген соңғы мәліметтерді келтірді.
XS
SM
MD
LG