Accessibility links

Прагада қазақстандық діни босқындар пикет өткізді


Бүгін Праганың орталығында 50 шақты қазақстандық босқын-салафиттер Чехия мен Қазақстан билігіне қарсы наразылық шеруін өткізді. Олар өздерін елден күштеп шығару туралы шешім қабылдаған Чехияның көші-қон билігіне қарсылықтарын танытты.
Бүгінгі таңда Чех Республикасында бас сауғалап жүрген 205 Қазақстан азаматына депортация қаупі төніп тұр.
2006 жылы Қазақстандағы діни қудалаулардан қашып келген босқындар өздерін отанына қайтаратын болса, азаптау мен түрмеге тап болатындықтарын айтып отыр.
Пикетке қатысушылар чех билігінен халықаралық талаптар мен осы елдің заңдары негізінде әділетті қарым-қатынас қалыптастыруды талап етті. Қазақ босқындары сондай-ақ халықаралық қауымдастықты өздерінің Чехиядағы құқықсыз жағдайына назар аударуға шақырды.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG