Accessibility links

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні


Бүгін ақиық ақын, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған орай бүгін Алматы қаласындағы Мақатаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан ақын ескерткішіне дәстүрлі түрде гүл қойылып, ескерткіш маңында өлең оқылады. Ал кешке Республика сарайында «Мұрагер» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Бүгін менің туған күнім...» атты Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтеді.

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылында дүниеге келген. Балалық бал дәурені соғыста қаза болған өз тұстастары секілді еңбекке ерте араласқан Мұқағали ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Кейін Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде, мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарады.

Мұқағали Мақатаев «Армысыңдар достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Жырлайды жүрек», «Жылап қайттым өмірдің базарынан» сияқты көптеген жыр жинақтарының авторы.
XS
SM
MD
LG