37-жастағы саясаткер Германияның жаңа экономика министрі болып тағайындалды. Консервативті социал одағының хабарлауынша, осы партияның бас хатшысы Карл-Теодор зу Гуттенберг экономика министрі қызметіне тағайындалған. Бұл қызметте болған Майкл Глос демалыс күндері отставкаға кеткен болатын. Глос ел экономикасын жақсарта алмады деген сындарға тап болды. Германияның экономикалық жағдайы қазір ауыр халде.