Accessibility links

Қазақстан өз жері арқылы АҚШ-тың Ауғанстанға жүк тасымалына келісім берді


Қазақстан өз жері арқылы АҚШ-тың Ауғанстандағы күштеріне жүк тасымалдауына мұрсат ететін болады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Ержан Ашықбаевтың мәлімдеуінше, бұл келісім әскери емес тасымалдауларға қатысты.

Өткен айда Ауғанстан мен Ирақтағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус Вашингтон Ресеймен және Орталық Азия елдерімен транзит мәселесіне қатысты келісімге келді деп хабарлаған болатын. Азық-түлік пен жабдықтар АҚШ пен НАТО күштеріне Пәкістанның солтүстігі арқылы тасымалданады. Бірақ исламшыл бүлікшілердің шабуылдарына байланысты ол жол бірнеше рет жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG