Португалия Республикасының Лиссабон қаласында Халықаралық Еңбек Ұйымына мүше елдердің Еуропа мен Орталық Азияда лайықты еңбекпен қамту жолдарын қарастыруға арналған VIII Еуропалық аймақтық кездесуі өтуде. Бұл басқосуға Қазақстанның атынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Ділімбетова Гүлнар Аманқұлқызы бастаған делегация қатысуда, — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Аталған кездесу аймақтық елдердегі саясаткерлер, экономикалық және әлеуметтік қайраткерлердің қатысуымен төрт жылда бір рет өтеді. Кездесу барысында 1995-2007 жыл аралығындағы аймақтағы еңбек нарығы үрдісін бағалайтын тақырыптық есеп және Халықаралық Еңбек Ұйымының төрт жылда атқарған қызметі мен оның нәтижесі туралы есепті қарастыру жоспарлануда.