Accessibility links

Н.Назарбаев үкіметке студенттердің қамын қaмдауды тапсырды


Қазақстан президенті Н.Назарбаев үкіметке үздік студенттерге 3 курстан бастап қосымша мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу міндетін жүктеді. Президент бұл тапсырмасын өзі бастаған “Нур Отан” партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жариялады.
Оған сәйкес, техникалық, медициналық мамандықтар бойынша ақылы оқу орындарында “жақсы” және “өте жақсы” оқитын, бірақ әлеуметтік жағдайы нашар және көп балалы отбасылардың балалары мен жетімдерге қосымша мемлекеттік грант бөлінуге тиіс.
Сонымен қатар президент үкіметке 1 курстан бастап ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Н.Назарбаевтың мәліметі бойынша, осындай несиеге мұқтаж студенттердің саны 40 мың шамасында көрінеді.
XS
SM
MD
LG