Accessibility links

Австралия өрт құрбандарын еске алып аза тұтуда


Бүгін Австралия жүздеген адамның өмірін жалмап кеткен алапат өрт құрбандарының рухына тағзым етіп, елдегі шіркеулерде аза тұту шаралары өтуде. Бұл арада ел үкіметі мұндай апаттың қайталануына жол бермейтін алдын-ала ескерту жүйесін құруға сөз беріп отыр. Елдің Виктория штатында орын алған табиғат апатынан 181 адам қаза болып, құрбандар саны тағы өсуі мүмкін делініп отыр. Орманнан басталған өрттен 1,800 үй күлге айналып, 7 мың адам далада қалды.
XS
SM
MD
LG