ҚР ҰҚК Австриядағы тыңшылық жанжалға қатыстылықтарын жоққа шығаруда. «Біз Австрияға ешкімді жұмсаған жоқпыз. Және бұл іске еш қатысымыз жоқ, бізге ешқандай ресми құжаттар түскен жоқ», — деген ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров бұл жанжалды қоздырып жүрген Рахат Әлиевтің өзі болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ.
ҚР ІІД қызметкерлері мен Бас прокуратура да аталған тыңшылыққа қатыстары жоғын айтады. «Біз бақылаушы сатыдағы орынбыз, ол жаққа тыңшы жіберілген жоқ», — деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің жетекшісі Сәулебек Жанкенұлы. Сондай-ақ қазақстандық биліктің атына Австрия жағынан ешқандай наразылық нотасы келмегені белгілі.