Accessibility links

Ресей мен Тәжікстан өзара байланыстарын талқылады


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кездесіп, екі елдің қарым-қатынасы мен аймақтық мәселелерді талқылады. Олар Ресей президентінің Тверь аймағы Завидово ауылындағы резиденциясында кездесті. Хабарларға қарағанда, келіссөз экономикалық, саяси және әскери-техникалық ынтымақтастық сондай-ақ гидроэлектр көзі мәселесіне арналды. Рахмонның Ресейге сапары Тәжікстанмен суға байланысты текетіресіп отырған Өзбекстанға Мәскеудің қолдауы күшейіп отырған тұста болып отыр.
XS
SM
MD
LG