Accessibility links

Пәкістан ағайынды Шарифтердің сайлауға түсу құқын шектеді


Пәкістанның жоғарғы соты елдегі оппозициялық партия жетекшісі, бұрынғы премьер министр Наваз Шариф пен оның бауыры Шахбаз Шарифті сайлауға қатыстырмау шешімін қолдады. Соттың шешімі Шахбаз Шарифті Пәкістанның халық көп шоғырланған өлкесі Пенжабтағы қызметінен және аймақтағы парламенттен кетіреді.
Лахор қаласының соты 2008 жылдың маусымында Наваз Шарифті алдыңғы қылмыстық істеріне байланысты сайлауға түсе алмайды деген шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG