Accessibility links

Ресейдің әскери теңізшілері қару сатқан деп күдіктелді


Бүгін Ресейдің әскери прокуратурасының басшысы әскери теңіз флотының бірқатар басшылары құны 18 млн доллар болатын ұрланған қару-жарақты Қытайға сатпақшы болды деген күдікпен тергеуге алынғанын хабарлады. Интерфакс агенттігіне айтқанында, прокурор Сергей Фридинский кейбір теңіз флотының әскерилері мен бизнесмендер қару-жарақты Қытайға жеткізу үшін Тәжікстанға жібергенін айтқан. Оның айтуынша, ұрланған қару-жарақтың ішінде 200 әуеден тастайтын бомба мен 30 су кемесіне қарсы зымыран болған.
XS
SM
MD
LG