Accessibility links

Екі ел теңіз транспорты ынтымақтастығына келісті


Бүгін өткен жалпы отырыста ҚП парламент сенатының депутаттары «Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы теңіз транспорты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

2007 жылғы 4 қазанда Новосибирск қаласында қол қойылған болатын бұл келісімнің мақсаты екі мемлекет арасындағы теңіз көлігі саласындағы қатынастарды реттеу мен дамыту және кемелер қозғалысын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету.

Қазақстан мен Ресей арасындағы аталған келісімнің ратификациялануы екі мемлекеттің теңіз сауда флоттары мен айлақтарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ теңіздегі қауіпсіздік пен теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз етуге үшін құқықтық негіз қалыптастырады.
XS
SM
MD
LG