Accessibility links

Н.Тілеубаев: Алдағы алты айда Қазақстан 2,5 млн тонна астық экспорттайды


Бүгін Алматыда өтіп жатқан халықаралық астық конференциясында «Қазақстан 2009 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кем дегенде 2,5 млн тонна астықты экспорттайды, — деді Қазақстан Астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев.

«2008 жылдың 1 қыркүйегінен бері бес айда Қазақстан экспортқа 3 млн тонна бидай мен астық эквивалентінде ұн жөнелтті. Қалған 6 айда, Қазақстан 2009 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кем дегенде 2,5 млн тонна астық экспорттайды деп ойлаймын, нәтижесінде елімізге кем дегенде 750 млн доллар қаржы түседі», — деді ол.
XS
SM
MD
LG