Accessibility links

Мұнай бағасы көтерілді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, әлемдік нарықтағы жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 26 ақпанындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама көтерілді.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 46,51 доллар (+2,22) ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 45,22 доллар (+2,72) болды», — делінген агенттік хабарламасында.
XS
SM
MD
LG