Accessibility links

А.Орсариев: 2008 жылы мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзуы көбейді


Қазақстанда 2008 жылы 253 саяси мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп, — деп мәлім етті бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа мәжілісінде осы агенттік төрағасының міндетін атқарушы Арын Орсариев.

Жалпы алғанда тәртіптік кеңестің ұсынуымен 1665 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 63-і қызметінен босатылған. Сондай-ақ агенттіктің тәртіптік кеңесі 2008 жылы ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңнамасының бұзылу деректеріне қатысты 5614 шағымды қараған.
XS
SM
MD
LG