Accessibility links

Сот отырысында экс-премьердің есімі аталған жоқ


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, №2-ші Бостандық ауданының сотында «Казкоммерцинжиниринг» құрылыс компанияның басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жүріп жатыр. Аталмыш сот отырысында үлескерлер құқын қорғаушы тарап компанияның мүлігін үлескерлердің шығындарын өтеу мақсатында жұмсау және қылмыстық іске қосымша күдіктілерді тарту туралы өтініш берді.

Судья Л.Бектемірова «ол өтініштер алдағы сот процесті барысында қаралады» деді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, үлескерлер қылмыстық іске қатысы бар деп күдіктеніп отырған адамдарының арасында бұрынғы экс-премьер-министр де бар еді, бірақ сот барысында Сергей Терещенконың есімі аталған да жоқ.

Қазіргі таңда қамауда отырған компанияның басшысы А.Оразбаев өзінің кінәсін жартылай мойнына алғанымен, сот отырысында жауап беруден бас тартты. Ал «Казкоммерцинжинирингтің» есепшісі Сенгазиева өзіне тағылған айыптарды жоққа шығаруда.
XS
SM
MD
LG