Accessibility links

Обама Ирақтан АҚШ күштерін шығарудың уақыт кестесін жариялайды


АҚШ президенті Барак Обама Ирақтан АҚШ күштерін шығарудың уақыт кестесін ақпанның 27-де жарияламақшы. Обама бұл жаңа стратегия жөнінде Солтүстік Каролина штатындағы әскери флот базасындағы кездесуі кезінде жариялайды деп күтілуде.

Хабарларға қарағанда, ол жоспар бойынша, алдағы 18 ай ішінде 142 мың Америка әскерилерін Ирақтан шығару көзделуде.

Дей тұрғанмен 50 мыңдай АҚШ жауынгерлері Ирақ әскеріне қолдау көрсетіп, сондай-ақ АҚШ-тың бұл елдегі қызығушылықтарын қорғап тұру үшін, сонда қала бермекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG