Accessibility links

Ауған оппозициясы Қарзайды айыптауда


Ауғанстан саяси партияларының басшылары Ауған президенті Хамид Қарзайды елдің президенттік сайлауына “саботаж” жасағысы келеді деп айыптады.

Қарзай бұдан бұрын президенттік сайлаудың ел Конституциясында көрсетілгеніндей, мамырдың 21-нен бұрын өтуі тиіс деген болатын. Қарзай бұл орайда “сайлау Конституция талаптарына сай өтуі тиіс” деген ел депутаттары мен аймақтық, аудандық кеңестер пікірімен келіскенін білдірген еді.

Ал сайлау комиссиясы болса сайлау мерзімін тамыздың 20-на белгілеген болатын.

Ұлттық майдан оппозициялық қозғалысының айтуынша, елдегі қауіпсіздік, логикалық, қаржылық мәселелерге байланысты сайлауды көктемде өткізу мүмкін емес. Ал президенттікке үміткер Абдул Қадар Емами Ғоридің пікірінше, Қарзай өз қарсыластарын алдағысы келіп отыр.
XS
SM
MD
LG