Accessibility links

ЕуроОдақ дағдарысқа бірлесіп қарсы тұруды ақылдасуда


ЕуроОдақ басшылары бүгін, наурыздың 1-де Брюсселде бас қосып, қаржылық дағдарысқа бірлесіп қарсы тұру амалдарын ақылдасуда. Франция президенті Николя Саркози жергілікті өндірістерді сақтап қалу үшін, егер АҚШ дәл сондай қадамға барса, онда тұтас еуропалық бірлескен әрекетті алға табанды түрде ұсынатынын айтты. Оны Италия үкімет басшысы Силвио Берлускони қоштады.

180 миллиард еуро көмек сұраған Венгрияның өтініші талқыланбақшы. Алайда бұл жолы нақты көмек көрсетіле қоймайтын сыңайлы.

Бұл жолғы жиын сәуірде, Лондонда өтетін 20-лық топ саммиті алдындағы жоғарғы деңгейдегі басқосулардың бірі ғана.
XS
SM
MD
LG