Accessibility links

Малайзия үкіметі діни заңға өзгеріс енгізді


Малайзия үкіметі елдегі Христиан басылымдарының Құдай деп айту үшін “Алла” сөзін қолдануына тиым салатын заңды қайта қалпына келтіру мақсатында жаңа қарар жарияламақшы. Малайзия İшкі істер министрі Сиед Хамид Албардың айтуынша, християн басылымдарының “Алла” сөзін мейлінше қолдануларына мүмкіндік беретін, ақпанның 16-да жаңа қарардың жариялануы қателік болды. Ол қарар мұсылмандарға қатысты емес еді деді ол. Бернама ақпарат агенттігінің жазуынша, мұндай күрт өзгеріс елдегі исламдық топтардың ескертулерінен кейін жасалып отыр. Тіпті “Алла” сөзін християндардың шартты түрде қолдануы ашу шақырады деген еді олар.
XS
SM
MD
LG