Accessibility links

Қарзайдың қарсыласы президенттің үндеуін сынады


Хамид Қарзайдың оппоненті Ауған президентінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге шақырғанын сынап отыр.
Бұрынғы қаржы министрі және президенттікке түсу үміті бар Ашраф Ғани Ахмадзай сәуірде ол “екіжүзділік сайлауға” қатыспаймын деп айтты.
Сенбі күні Қарзай президенттік сайлау мерзімі 20-шы тамыздан сәуірге ауыстырылу керек, оның нақты күнін елдің сайлау комиссиясы белгілеуі тиіс деген.
Ахмадзай Қарзайдың ол мәлімдемесін сынап, президент басқару органдарын пайдаланып, өзіне әділетсіз мүмкіндік жасап алмақшы деді.
XS
SM
MD
LG