Accessibility links

Клинтон Израиль-Палестина қақтығысын осы екі ел шеше алады деді


Бүгін Таяу шығыста сапармен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израиль-Палестина қақтығысындағы екі елдің шешімі "шарасыз" болып отыр деді.
Бұл туралы Клинтон ханым Иерусалимде сыртқы істер министр Ципи Ливнимен келіссөздерден кейін айтты. Ол сондай-ақ, Құрама Штаттар Израильмен қатар Палестина мемлекетінің құрылуын шешімді түрде алға тартады деді.
Израильдің билікке жаңа келіп жатқан премьер министрі Биньямин Нетаньяху осыған дейін Палестина мемлекетін құру мен палестиналықтармен бейбіт келіссөздер өткізуді сынап келген.
Хиллари Клинтон өзінің АҚШ мемлекеттік хатшысы ретіндегі алғашқы сапарымен Израильде жүр.
XS
SM
MD
LG