Accessibility links

Хиллари Клинтон Батыс жағалауға барды


Мұның өзі-АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның АҚШ-тың бас дипломаты болғалы бергі палестиналық басшылармен сөйлесу үшін жасап отырған алғашқы сапары.

Палестина басшысы Махмуд Аббас көмекшісінің айтуынша, Аббас мырза Израилдің жаңа үкіметі бұдан бұрын қабылданған келісімшарттар мен қос мемлекеттік туралы шешімді қабылдамайынша Тель-Авивпен арада сөйлесулердің қайта жаңғырмайтынын Клинтон ханымға хабарлайтын болады.

Ол сондай-ақ Израилдің Батыс жағалауда тұрғын үйлер салуын тоқтатуын және Газа шекарасын ашуын Клинтон ханымның талап етуін сұрамақшы.

Хиллари Клинтон сейсенбіде Иерусалимде болған кезінде Құрама Штаттардың Израилмен қатарлас Палестина мемлекетінің құрылғанын қалайтынын айтты. АҚШ-тың Израилді алдағы уақытта да қолдай беретінін де ол ескертіп өтті.
XS
SM
MD
LG