Accessibility links

Чехияда қазақстандық алты босқын тұтқындалды


Наурыздың 4-де чех полициясы осы елден саяси баспана сұрап жүрген қазақстандық алты азаматты тұтқындады. Олар Чехияның әр түкпірінен ұсталған. Сейсенбі күні Костелец над Орлицей қаласында діни босқындардың жетекшісі Қайрат Досметов босқындар жатақханасында ұсталса, наурыздың 3-не қараған түнде Прагада тағы бір қазақ босқыны Асылхан Жантасов тұтқындалған. Ал, үшінші қазақ босқыны Хамит Нұрғалиев Чехияның батысындағы босқындар қауымдастығы жатақханасында қамауға алынған. Олардың бөлмелеріне тінту жүргізілген. Өздерін таза жолды ұстанушылармыз деп атайтын 205-ке жуық қазақстандық егер отанымызға қайтсақ қудалау көреміз деп 2006 жылдан бері Чехиядан саяси баспана сұрап келеді.
Чех билігі қаңтар айында олардың өтінішін қабылдамай қойған. Ол қазақ босқындарына депортация қаупі төніп тұр.
Ақпанның 7-де қазақстандық ондаған діни босқын Праганың орталығында митинг өткізіп, Чехия билігінен өз шешімдерін қайта қарауды талап еткен.
Чехия үкіметі қазақ діни босқындарыдың қамалуына байланысты түсініктеме бермей отыр.
XS
SM
MD
LG