Accessibility links

Пәкістан Интерполға Мумбай шабуылдарына қатысты мәлімет беруде


Пәкістанның билік орындары халықаралық Интерпол ұйымына өткен жылы Үндістанның Мумбай қаласында болған шабуылдарға байланысты пәкістандық тергеу мәліметтерін беруге келісті. Қылмыстық істер бойынша халықаралық полиция ұйымының хабарлауынша, енді әлгі шабуылдарға қатысты Үндістан мен Пәкістанның ақпараттары салыстырылатын болады. Интерпол басшысы Рональд Нобл жұма күні Исламабадта Пәкістан ресмилерімен кездескен-ді.

Шамамен 165 адамның өмірін қиған Мумбай шабуылдарына байланысты Үндістан Пәкістанды айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG