Accessibility links

Түркия сыртқы істер министрі Обамаға ескерту жасады


Түркия сыртқы істер министрі Али Бабачанның мәлімдеуінше, АҚШ президенті Барак Обама осыдан бір ғасыр бұрын армяндардың өлтірілуін геноцид деп мойындамауы тиіс. Бұл жөнінде ол NTV телеарнасына берген сұхбатында ескертті. Бабачанның айтуынша, Обама өзінің сайлау науқанында Осман империясы кезіндегі армяндардың қырылуын бірнеше рет тілге тиек етті.

Бұдан бұрын АҚШ 1915-1917 жылдары армяндардың өлтірілуін айыптаған еді, бірақ оны геноцид деп атамады. Осман империясы кезіндегі армяндардың өлтірілуін 20-дан астам мемлекет геноцид деп мойындады. Түркия оны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG