Accessibility links

Үкімет дағдарысқа қарсы кеңес құрмақ


Бүгін өткен үкімет отырысында дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы шешім қабылданды.

«Индустрия және сауда министрлігі дағдарысқа қарсы кеңес жобасын енгізді. Кеңес құрудың алғышарты біздің елдің экономикасына әсерін тигізіп отырған әлемдік қаржы нарығындағы жағдайдан туындады. Кеңесті басқару Кәрім Мәсімовке ұсынылуда, ал ұйымдастыру мен техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жұмыс органы ретінде Индустрия және сауда министрлігі белгіленді» , — деді аталған ведомствоның басшысы Владимир Школьник.

Осыған байланысты Кәрім Мәсімов өзінің орынбасары Серік Ахметовке кеңесті жедел басқаруды, ал облыс әкімдеріне жергілікті жерлерден осындай кеңес құруды тапсырды.
XS
SM
MD
LG